Созылмалы рецедивті холециститті (калькулезді және тассыз) ұзақ косервативті емдеу нәтижесіз болғанда лапаротомиялық немесе лапароскопиялық әдістермен холецистэктомия операциясы жасалады.
Кентау қалалық ауруханасында жоспарлы түрде егде жастағы науқастарға холецистоэктомия операциясын жасау үшін қолданылған жұлын-ми жансыздандырудың тиімділігіне сараптама жүргізілді.
Кентау қалалық ауруханасының реанимация және оперативті блок бөлімшесінде 40-60 жас аралығындағы созылмалы рецидивті холециститпен (калькулезді және тассыз) ауырып, холецистэктомия операциясы жасалған 41 науқасқа зерттеу жүргізілді. Сараптама барысында науқастардың жыныстық және жас ерекшелік жиілігі анықталып, әйел жынысының жиі кездесетіні байқалды.
Жұлын-ми жансыздандыруы қазіргі таңдағы анестезиологиялық тәжірибеде жергілікті жансыздандырудың ең кеңінен қолданылып келе жатқан әдісі болып табылады.
Жұлын-ми жансыздандыруы субарахноидальды кеңістікке анестетикалық ерітіндіні (лидокаин, бупивакаин, норапин) жібергенде түбіртектерді тежеумен сипатталады. Бұл көбіне L1-L2 дегейінде аяқталатын жұлын-миды зақымдап алмас үшін L2-ден төмен орындалды.
Жұлын-ми блокадасының деңгейінің жоғарылығына қарамастан, диафрагма нервісінің тежелмеуіне бай-
ланысты, тыныс алу көлемі де, минуттық вентиляциясы да бұзылмайды. Тыныс алудың максимальды көлемі мен максимальды экспираторлы қысымы қосымша тыныс алу бұлшықеттерімен жүзеге асырылады. Өте жоғары деңгейлі жұлын-ми жансыздандыруы кезінде экспираторлы резервті көлем және жөтелу күші прогрессивті төмендейді, сондықтан, бұл әдіс респираторлы аурулармен ауыратын науқастарға қарсы көрсеткіш болып табылады.
Жоғары деңгейлі блокада бұлшықеттің жақсы релаксациясын әкелуіне байланысты іш қуысының жоғары бөліміне хирургиялық операцияларды жасауға қолайлы жағдай туғызды. Осыған байланысты холецистэктомия операциясы кезінде жұлын ми жансыздандыру әдісі қолайлы, тиімді, тиімді, болып табылады.
Әдебиеттер тізімі: