Н.А. АҚАТАЕВ, М.Н. ЖУМАБАЕВ, М.М. МУКУШЕВ, Қ.Ж. НУРМАНОВ, М.Е. БАЛШАМБАЕВ

ХОЛЕДОХОЛИТИАЗДЫ ЕМДЕУДЕГІ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ РЕТРОГРАДТЫ ПАНКРЕАТОХОЛАНГИОГРАФИЯНЫҢ (ЭРПХГ) ЖӘНЕ ЭНДОКОПИЯЛЫҚ ПАПАЛОСФИНКТЕРОТОМИЯНЫҢ (ЭПСТ) МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Ақтөбе, Қазақстан

Мақсаты: холедохолитиазды емдеудегі эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиографияның және эндоскопиялық папилосфинтеротомияның тиімділігін анықтау.

Қазіргі уақытта өт қалтасы және өт жолдары аурулары мен олардың асқынуларын анықтау мен емдеуде ЭРПХГ және ЭПСТ негізгі стандарт болып табылады. Жедел түрде хирургиялық стационарға түсетін науқастардың 10-15%-ы жедел тасты холецистит және оның асқынулары анықталады. Механикалық сарғаюдың негізгі себептерінде холедохолитиаз 35-90 %, 12 елі ішектің үлкен емізікшесінің стенозы - 15 - 30%, ұйқы безінің қатерлі ісігі 3-5% құрайды [1,2,3]. Холангит және механикалық сарғаюда жедел радикалды операцияларды қолдану асқынулар мен өлім жиілігінің артуына әкелуде. Биллиярлы гипертензия және обтурациялық холециститті жоймай, антибактериалды терапия мен қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер толық нәтиже бермейді. Уақытында биллиарлы гипертензияны декомпрессия жасамау, көптеген науқастарда өт қабы қабырғасының деструкциясына, инфильтраттың түзіліп, холангит пен бауыр жетіспеушілігінің дамып, операцияүстілік және операциядан кейінгі асқынулардың даму жиілігін арттырады [4].

Сонымен қатар диагностикалық ЭРПХГ және емдік ЭПСТ қолдану, ауыр асқынулардың дамуына соқтырып (2,3-11,4%), ал өлім жиілігі 2,0% жетуі мүмкін. Ауыр асқынулар: жедел панкреатит 2-10%, папиллотомиялық кесу аймағынан қан кету 13%, жедел холангит 2-4%, ретродуоденалды перфорация 0,1-0,3% жиілігінде кездеседі.

Ақтөбе жедел медициналық көмек ауруханасында 2016-2017жж аралығында себебі әр түрлі механикалық сарғаюмен асқынған 81 науқасқа ЭПСТ-ға жалғасған ЭРПХГ жасалды. Сарғаюдың себептері: холедохолитиаз – 63, холедохтың төменгі бөлігінің тарылуы – 8, 12 елі ішек емізікшесінің ісігі – 2, Клацкин ісігі – 1, жедел басты панкреатит – 7.

Патологияның түріне байланысты жүргізілген ем: холедохолитиазда – ЭПСТ және литотракция; холедохтың терминалды бөлігінің тарылуында және Клацкин ісігі мен 12 елі ішек емізікшесінің ісігінде – ЭПСТ және холедохты эндопротездеу; басты ісікті панкреатиттің емі – консервативті. ЭРПХГ және ЭПСТ операциясынан кейінгі асқынулар: 8 науқаста жедел панкреатит клиникасы болып, консервативті терапия  оң нәтиже берді; 2 науқаста папиллотомиялық кесу аймағынан қан кету анықталып, операция үстінде эндоскопиялық гемостаз арқылы тоқтатылды. 1 науқаста іріңді холангит салдарынан бауырдың көптеген ұсақ абцестері дамып, ашық түрде қайтадан операцияға алынып, бауырдың көптеген абцестерін ашу, холедохты сыртқа дренаждау операциясы жасалды. Операция оң нәтижелі болды.

  1. ЭРПХГ механикалық сарғаюдың себебін анықтауда алтын стандарт болып табылады.
  2. ЭПСТ механикалық сарғаюдың себебін жоюда маңызды рөл атқарады.
  3. ЭРПХГ мен ЭПСТ өзіне тән асқынулармен де ерекшеленеді.